Текст
Құқықтық диктант
«Конституция – тұрақтылық кепілі»
Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінде колледж студенттері арасында «Конституция – тұрақтылық кепілі» тақырыбында құқықтық диктант өткізілді.
Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, Қазақстан Республикасының Конституциясына құрметпен қарауға және оның елдегі тұрақтылықты, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін түсінуге бағытталды.
Диктант өткізу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда және студенттердің қоғамдық-саяси өмірге қызығушылығын арттыруда маңызды қадам болды.
«Заңды білу – сенімділік пен әділдікке апарар жол»