|
"Білім туралы құжаттардағы |
|
||
"Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
||||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары |
||
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
"электрондық үкіметтің" веб-порталы: www. egov. kz |
||
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
3 (үш) жұмыс күні |
||
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
электронды (ішінара автоматтандырылған) |
||
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
білім туралы құжаттардағы өзектендірілген мәліметтер |
||
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
тегін |
||
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
www. egov. kz порталы арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). |
||
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі |
- өтініш; - білім туралы құжаттың электронды көшірмесі. |
||
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау |
||
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда ЭЦҚ болған немесе бір реттік пароль пайдаланылған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациялаудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды. |
||
|
"Білім туралы құжаттардағы |
|
||
Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіруден (түзету) дәлелді бас тарту туралы хабарлама
Өтініштің бірегей № __________________ Күні __________________
Бас тартуға негіздеме:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(дәлелді бас тарту мәтіні көрстеілетін қызметті берушімен қалыптастырылады)
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз
жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК