Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" мемлекеттік қызыметі

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

  1. . Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:

1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) Оқуға түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

- күндізгі оқу нысанына-20 маусымнан 25 тамызға дейін;

- сырттай (кешкі) оқу нысанына – 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. (заңнамада көзделмеген, мерзім «Білім туралы» ҚРЗ 26-бабының 6-тармағына сүйене отырып белгіленген).

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау туралы қолхат не Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздерге сәйкес құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қолхат беру болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға жүгінбеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін оларды қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
  3. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

 

 

Жаңартылған күні: 09.03.2023 12:03
Құрылған күні: 15.05.2024 10:56

Текст