Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының тұжырымдамалық тәсілдері» атты облыстық педагогикалық оқулары

2024 жылы 26 қаңтарда «Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің» базасында облыстық педагогикалық оқулары өтті.

Педагогикалық оқулардың мақсаты - педагог қызметкерлердің біліктілігін, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру;  педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату.

Қатысушылар ТжКББ ұйымы басшыларының орынбасарлары, әдіскерлер, жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері болды.

Педагогикалық оқулардың жұмысы пленарлік бөлімнен басталды, онда Педагогикалық оқулардың модераторы К. М. Жаманбаева, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді ғылыми - әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері, Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері, содан кейін колледж басшысы А. М. Қожақов сөз сөйледі.

Спикерлер:

Көшпаева Гүлнара Бүркітбайқызы, Ақана сері жоғары мәдениет колледжінің әдіскері, п. ғ. к., «Педагогтердің кәсіби даму процесін басқару» тақырыбымен;

Лепешев Дмитрий Владимирович, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ. к., «Педагогтың білім беру мәдениетін қалыптастыру мәселесі» тақырыбымен.

 Педагогикалық оқулар үш секция бойынша өтті:

1 секция: «Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі цифрлық және әдістемелік ресурстар»

Модератор-Жоламанова Тайндық Молдағалиқызы, басшының оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагог-шебер;

2 секция: «Білім беру процесінің сапасын арттыру ресурсы ретінде Педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» Модератор - Ақтаева Ақмарал Ермекқызы республикалық оқу-әдістемелік бірлестік басшысының орынбасары, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің арнайы пәндер оқытушысы., педагог-зерттеуші;

3 секция: «Білім беруді жаңғырту жағдайындағы педагогтердің үздіксіз кәсіби өсуінің инновациялық практикасы» Модератор-Семкина Наталья Викторовна, оқу жұмысы жөніндегі басшының орынбасары, жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі, педагог-зерттеуші, «Үздік педагог – 2018» атағының иегері.

Біздің колледжден педагогтар С. С. Домбровский, А. К. Мұхтанова, К. Е. Антонюк қатысты.

Педагогикалық оқулардың барлық қатысушыларына қатысушы сертификаттары табысталды.

Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша ұсыныстар айтылды:

  1. Пән ерекшеліктерін ескере отырып, мультимедиалық технологияларды оқытуға арналған қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру;
  2. Электронды оқулықтар әзірлеудің әдістемелік нұсқаулығын жасап ұсыну;
  3. Білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыруға, оның ішінде өндірістік және педагогикалық тағылымдамаларға қатысу, семинарларға қатысу және т. б. жолымен жәрдемдесу ұсынылсын;

4. Баяндамаларды талқылаудың неғұрлым тиімді нысаны ретінде дөңгелек үстел түрінде секциялық отырыстар өткізу практикасын жалғастыру;

5. ТжКББ білім алушыларының дайындық деңгейін кешенді бақылаудың критериалды бағалау жүйесін және басқа да заманауи аспаптық әдістерін енгізу бойынша одан әрі зерттеулер жүргізу өзекті деп танылсын;

6. Сабақтарда заманауи білім беру ресурстарын белсенді пайдалану;

7. Әр түрлі бағыттағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту, уақытпен қатар жүру және студенттерден цифрлық ақпараттық кеңістікті пайдалануда ілесу үшін мұғалімнің өзін-өзі дамытуға баса назар аудару және т. б...

Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді:

Педагогикалық оқулар қатысушылардың ашық диалогына, мүмкіндіктерді анықтауға және рекомендациялар мен ұсыныстар жасауға ықпал етті.

Колледж әдіскері А.К.Сеитова

 

 

 

Жаңартылған күні: 05.02.2024 11:13
Құрылған күні: 05.02.2024 11:15

Текст