Мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
1. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған күннен бастап – 3 жұмыс күні, көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес – 8 жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут, Мемлекеттік корпорацияға-15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық, қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5717 болып тіркелген) нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.