Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
1. Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) Көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: білім алушыға басталу және аяқталу мерзімдері көрсетілген академиялық демалыс беру туралы көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығының белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі не қағидалар 3-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.