Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі:
1. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-мемлекеттік корпорация);
3) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) Көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап-5 жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
2) Жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут, мемлекеттік корпорацияға-15 минут;
3) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, мемлекеттік корпорация арқылы – 15 минут.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.