Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:

        1. Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

       1) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кеңсесі;

       2) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);

        3) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

        2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

        1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына немесе порталға тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.

        2) мемлекеттік корпорацияның құжаттарын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут;

        3) мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

       3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде..

       1) Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.

        2) Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

       3) Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Жаңартылған күні: 27.02.2023 13:37
Құрылған күні: 28.02.2023 13:49

Текст