Текст
2021 жылдың 19 қазанында Құқық бұзушылық жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырыста келесі өзекті мәселелер қаралды: студенттердің сабаққа қатысуы, колледжішілік есепте және ПДН -де тұрған студенттермен жұмыс, кураторлардың топпен жұмысы.
Отырысқа кеңес мүшелері, кураторлар мен аға лейтенант кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, Ерғалиев Серік Қаддарұлы, капитан, учаскелік полицияның кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, Бекентаев Ерлан Қалтайұлы қатысты.