Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

А. Е.Шарипова біліктілікті арттыру курстары

30.10.2023

А. Е.Шарипова біліктілікті арттыру курстары

 

25.09-06.10.2023 жылы Көкшетау қаласында ТжКБ ұйымдарының Ақмола облысы бойынша арнайы пəн оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру курстары өтті. Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасының тақырыптары шығармашылық даралықты дамытуға, педагогикалық инновацияларға сезімталдықты, өзгермелі педагогикалық ортаға бейімделу қабілетін дамытуға бағытталды.

Мұғалім мамандығы үнемі жетілдіріп отыруды, білімін үнемі жаңартып отыруды, заманауи технологияларды қолдануды қажет етеді. Педагогтың кəсіби шеберлігін дамыту бейіндік біліктілікті арттырудың тұрақты процесі болып табылады, сондықтан оқу процесінде біліктілікті шыңдау үшін курстарды дамыту шеңберінде кəсіпорында тағылымдамадан өту қажет.

Айнагуль Еркиновнаның  тəжірибесі, 2023 жылдың 9 қазанынан 13 қазанына дейін «STOLL Group» ЖШС-де өтті. Алынған білімдер «Құрылыс конструкцияларының құрылысы жəне пайдалану» мамандығы бойынша құзыреттілік картасын салыстырмалы талдауға ықпал етті, бұл оны оқу процесіне одан əрі енгізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта еңбек нарығы өз қажеттіліктеріне сəйкес үлкен өзгерістерге ұшырауда, сондықтан қоғамның табысты жəне бəсекеге қабілетті мүшесі болу үшін оқу процесіне өзгерістер енгізу қажеттілік болып табылады.

Еңбек нарығының талаптарына жəне мұғалімдердің біліктілігін арттыру қажеттілігіне қарай Бағдарламаның оқу жоспарының мазмұнына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

Колледж әдіскері А.Сеитова

                                                                         

Просмотров: 3221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст