2023 жылғы 2-13 қазан аралығында Көкшетау қаласында Ақмола облысының ТжКБ білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары курстарынан өтті, онда біздің басшының орынбасары Н. В. Семкина курстан өтті. Курсты «Talap» КЕАҚ ұйымдастырды, «Білім берудегі Менеджмент: колледждің оқу процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі» курстың тақырыбы. Курс бағдарламасы білім беру ұйымдары жұмысының барлық бағыттарын қамтиды, басшылардың орынбасарлары корпоративтік басқару негіздерін, білім беру жүйесіндегі коучингтік тәсіл негіздерін және жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді үйренді. Курс аяқталғаннан кейін басшының орынбасарларының әрқайсысы білімді өзінің практикалық жұмысында қолдана алады, оны өз тәжірибесін талдау және жалпылау, кәсіби қызметті жетілдіру үшін қолдана алады.
Колледж әдіскері А.К.Сеитова