Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау

20.06.2024

25.06.2024 жылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі ТжКББ) құжаттарды қабылдау басталады. Республика бойынша  мыңдаған түлектер өздерінің аттестаттарын алып ,ересек өмірге қадам жасауға дайын, оның көрсеткіштерінің бірі-одан әрі білім алу. Әлі де болашақ  мамандықты таңдап жүрген түлектер үшін біздің еліміздің еңбек нарығында орта буын мамандары мен жұмысшы мамандықтарының тапшылығы бар екенін еске сала кетейік. Осы себепен Үкімет жыл сайын ТжКББ ұйымдарына бөлінетін гранттардың санын және стипендия  мөлшерін көбейтуде.

Щучинск қаласы Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм  колледжі келесі мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асырады:

Құжаттарды тапсыру үшін сізді келесі мекен жайында күтеміз: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, БСХТ шағын ауданы 18. 

Қажетті құжаттыр тізімі:

  1.  Басшының атына нысан бойынша өтініш.
  2. Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін).
  3. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы.
  4. 075-у нысаны бойынша медициналық анықтама
  5. 3*4 фото- 4 дана.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон номерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 716 36 4 15 05, 8 776 197 52 50.

 

Просмотров: 2898


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст