Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаттығу жұмысының түрлері

11.11.2020

Жаттығу жұмысының түрлері

Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады. Әрбір ұстаз студенттердің керекті дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына да қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу нәтижесінде студенттер алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады: біріншіден, студенттің білімін нақтылайды, әрі нығайтады, екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады.

Сабақтағы жаттығу жұмысы студенттердің қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік болып бөлінеді.

Фонетикалық жаттығулардың міндеті – студенттердің айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

 

Фонетикалық жаттығулар кезінде кейбір студенттердің тілін тістеп, сақауланып сөйлеуі кейбір дыбысты қалдырып кету әдеті немесе «с» мен «ш», «р» мен «л», «ж» мен «з» сияқты дыбыстарды алмастырып айту кемшіліктері оқуға да, жазуға да зиян келтіреді.

Фонетикадан алған білімдері мен жаттығуларды тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар студенттерді әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін қолдануға болады, Оқу сабақтарында шәкірттердің жауаптарында, әнгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі дыбыстардың құбылуы ескеріліп отырады. Бұған қоса тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.

Морфологиялық жаттығулардың мақсатына ана тіліміздің морфологиялық құрылысын студенттерге саналы түрде меңгерту кіреді. Мазмұны жағынан бұл жаттығулар екі түрлі болады:

1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар; 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар;

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:

1)      алдымен негізгі, түбірлерді одан әрі туынды түбірлерді, сосын түбірлес сздерді талдайды;

2)      белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен жұмысы ескеріледі;

3)      туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

 

 

 

Жаттығу жұмысы кезінде шәкірттер әрбір сөз табының қасиетін, ерешеліктерін саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді. Оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолданып үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:

  1. мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қатыстырып сөйлем құрату; 3) сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету; 4) мағына және түлға жағынан қандай айырмашылықтары барын салыстыру.

 

Синтаксистік жаттығуларға пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгісін қойып түсіндіру.

Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талаптар қамтылуы тиіс.

1.      Белгілі бір жаттығуды орындау үшін студенттердің сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.

2.      Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс.

3.      Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, үсынылуы керек.

4.      Өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

5.      Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек.

Шығарма – студенттің туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін үштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Студенттен көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.

Шығарманың құрылысы тақырып, жоспар, эпиграф, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, сонымен бірге материалды баяндау әдісі мен оның ретті жүйесі сияқты мәселелерден тұрады.

Қандай тақырыпқа жазылған шығарма болса да оны бағалау – студентпін қатар мұғалім де үлкен сын. Шығарманы дұрыс жазу үшін жоспарды дұрыс құра білу керек. Әсіресе жас ұстаздар шығармаға жоспар құруда көп қиындық көріп жатады. Әдістемелік көмек ретінде бірнеше шығарманың жоспарын келтірейін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қиналатыны – студенттердің сауаттылығын қалыптастыру. Ол үшін көбірек диктанттар жаздырып, тексеріп отыру қажет. Оны тиімді жолдармен жүзеге асырып отырмасаң, қайтарымын бермейтіні ақиқат.

Диктант жазу үстінде кейде студенттер ілесіп жаза алмайды. Қайталап сұрай береді. Уақытты алады. Жиі-жиі шағын диктанттар аламын. Олар уақытқа қарай кейде 5-6, кейде 7-8 сөйлемдерден тұрады. Кейде диктант дәптерлеріне, кейде қазақ тілі дәптерлеріне жаза береді.

Кейіннен «Есте сақтау» диктантын аламын. Онда мен сөйлемді бір-ақ рет (ұзақ сөйлем болса екі рет) оқимын. Дереу оқи сала «жазыңдар» деймін. Ондағы мақсатым – студенттерді сақтыққа, естігенді есте сақтауға, айтқанды ұғып тыңдауға және жылдамдыққа баулу. Мен кейінгі кезде диктанттарды былай тексеретін болдым.

Мысалы:

Өзімнің тобымда 15 студент бар.

I.       «Сенімділер» тобы

Бұл топта 5 студент үнемі «4» пен «5» жазатындар.

Әр топтың аты-жөндері, жіберетін қателеріне дейін жазылады. Арнайы дәптерім бар.

II.      «Әрқалай» топ. Мұнда 4-5 оқушы бар. «4»-ке, кейде «3»-ке жазатындар.

III.     «Қателер» тобы. Бұл топ түсінікті.

IV.    «Шимайлар» тобы. Шимайлап, түзеп, бұзып, былғап жазатындар кіреді. Екі топқа бірдей жататын студенттер де бар.

III топтағылардың әрқайсысының қандай қате жіберетінін дәптеріме қарай отырып, оларды топтадым. Одан мынадай сызба жасадым (Оқушылардың жіберген қателеріне қарай түзетуге болады).

Тұстарына студенттердің аты-жөндері жазылады. Диктантты жазу үстінде өз қателерін ескертіп отырамын. Мысалы, «Мұрат, сен тасымалды ескер» немесе «Серік, и, й әріптеріне ерекше көңіл бөл, дауысты дыбыстан кейін қайсысы жазылатынын ұмытпа» деген сияқты. студент неден қате жіберетінін біледі, өйткені мен бәріне ескертіп қойғам. Қандай топқа жататындарын да біледі.

Студенткке ауызшпа және күнде «Сен қате жазасың, сен қате жазасың» деп бетіне баса бергеннен ол бала сауатты жазып кетпейді. Сондықтан әр мұғалім осындай, әрине, дәл осындай болмаса да, нақты көмек көрсетсе, тиімді нәтиже береді деп ойлаймын.

 

Усенова Гульжан Жиеншеевна,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст