2024 жылдың 15-16 қарашасында Ш.Уәлиханов атындағы «Көкшетау университеті» КЕАҚ базасында Ақмола облысы бойынша кадрларға сұраныстың өңірлік картасын құру бойынша сараптамалық форсайт сессиясы өтті. Өңірлік картаны әзірлеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан «Мамандығым-болашағым» жобасы негіз болып табылады.
Осы жоба аясында сараптамалық бағалау негізінде басым секторлар мамандарына сапалы қажеттілік қалыптасады, сондай-ақ Ақмола облысындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің ағымдағы білім беру бағдарламаларына талдау және жаңарту жүргізілетін болады.
«Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі» МКҚК жанындағы "Қоршаған орта. Орман шаруашылығы" бейіні бойынша оқу әдістемелік бірлестігінің құрамындағы колледж басшысының міндетін атқарушы Ермоленко Н.Д., басшының ОӘБ жөніндегі орынбасары Семкина Н.В., кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Шарипова А.Е., форсайт - сессиясына сарапшы ретінде қатысты.