2024 жылғы 23 қазанда бейінді колледждерге оқу-әдістемелік бірлестіктің бейініне сәйкес мамандықтар бойынша оқу процесін ұйымдастыруда консультациялық көмек көрсету шеңберінде дөңгелек үстел өтті.
Оған «Қоршаған орта. Орман шаруашылығы» ОӘБ басшысы Кожаков А.М., ОӘБ басшысының орынбасары Семкина Н.В. және арнайы пәндер оқытушысы Қапар Б.Қ. қатысты. «Сервис және туризм колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұйымдастырған іс-шара 08210100 «Орман шаруашылығы» және 07310500 «Ландшафтық дизайн» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын талқылауға арналды.
Кездесудің негізгі мақсаты жеделдетілген бағдарлама бойынша колледж түлектерінің оқуға түсу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін аграрлық университеттердің талаптары мен оқу жоспарларын келісу болды. Кездесуге Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өкілдері, жұмыс берушілер қатысты.